USD: 468.7 / 471.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Қазақстанда "Астана" брендіне ие автобустар шығарыла бастайды

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Фото ЖИ көмегімен жасалды
Биыл дизель және газбен жүретін автобустар өндірісі басталса, 2027 жылы электр автобустарының өндірісі іске қосылады.

Биылдан бастап Қазақстанда "Астана" брендіне ие автобустар шығарыла бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында "Астана Моторс" компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов хабарлады.  

"Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі – "Астана" атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі", – деді Нұрлан Смағұлов. 

Оның айтуынша, дизель және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қараша айында басталады. 

Ал "Астана" маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау