"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Еліміздің батыс өңірлерінен басқа аймақтарда қар жауады.

3 қараша кешінен бастап еліміздің бірқатар өңірінде – Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

"Жүргізушілерден жылдамдық режимін және жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райының қолайсыз жағдайларын ескеруді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, 4–6 қараша аралығында еліміздің батыс өңірлерінен басқа аймақтарда қар жауып, ауа температурасы күрт төмендейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз