"ҚазАвтоЖол": Қазақстан жолдарында 5 күнде 177 рет қозғалыс шектелді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Былтырмен салыстырғанда жол жабу саны 4,5 есе артты.

Желтоқсанның 12–16-сы аралығында Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық тасжолында 177 рет уақытша қозғалыс шектеуі енгізілген. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

Компания мәліметінше, шектеулер ең алдымен жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Аталған күндері ел аумағында ауа райы күрт нашарлап, қатты жел соғып, жолдарда көктайғақ пайда болған.

"12–16 желтоқсан аралығында республикалық трассаларда 177 рет уақытша шектеу енгізілді. Өткен жылдың осы кезеңінде жолдар небәрі 39 рет қана жабылған болатын. Кейбір күндері бір өңірде қатарынан бірнеше жол учаскесінде қозғалыс тоқтатылды", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Айта кетейік, тасжолдарды жабу немесе қайта ашу туралы шешімді Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігі ауа райы жағдайын ескере отырып бірлесіп қабылдайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары