"ҚазАвтоЖол": Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Жолдарда 60 техника іске қосылған.

2025 жылғы 18 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша екі облыстағы екі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". 

Ақтөбе облысы:

"Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 техника мен 96 маман жұмылдырылды.

Серіктестер жаңалықтары