USDUSD: 501.7 / 504.3
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +12C
Все города

Кейінгі алты жылда республикалық маңызы бар 4400 шақырым жол жаңғыртылды

Фото: Жайық Пресс
Фото: Жайық Пресс
50-ге жуық жол бойында сервистік жаңа нысандар салынды.

Кейінгі алты жылда республикалық маңызы бар 4,4 мың шақырым жолды, оның ішінде Орталық – Шығыс, Орталық – Оңтүстік, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және басқа да күре жолдарды реконструкциялау аяқталды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

2024 жылы 12 мың шақырым көлік магистралі құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды, оның 8 мың шақырымы республикалық, ал қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 

Сонымен қатар кейінгі алты жылда 250-ге жуық жол бойында сервистік жаңа нысандар салынды. 

"Ұлттық стандартқа сай келетін қызмет көрсету нысандарының үлесі 52%-дан 90%-ға дейін ұлғайды. Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемінің өсуімен қатар жолдарды жөндеу жұмыстарына деген қажеттілік те арта түсті. Жыл сайынғы күрделі жөндеу көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 41%-ға өсті. Алты жыл ішінде барлығы 3 мың шақырым теміржолға күрделі жөндеу жұмыстары жүрді", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары