Жыл басынан бері Өзбекстан 18,9 мың тонна қой етін импорттаса, оның 89 пайызы Қазақстаннан жеткізілген. Мұндай мәліметтерді Өзбекстан Республикасының Статистика жөніндегі ұлттық комитеті жария етті.
2025 жылмен салыстырғанда елдегі қой импорты 37,7 пайызға бірден артқан және бұған негізінен Қазақстаннан ет импорттау үлесінің артуы себеп болған.
Өзбекстан қой етін Қазақстаннан бөлек тағы бірнеше елден алады. Бірақ, Қазақстан экспорты 16,9 мың тоннаны құраса, басқа елдердің жиынтық экспорты бар болғаны 2 мың тонна шамасында. Мәселен, Өзбекстан Моңғолиядан 891,3 тонна қой етін алса, Ресейден 635,7 тонна ғана қой етін импорттайды.
Қой еті бір жылда 14 пайыз қымбаттады. Үкіметте қой экспортына тыйым салу мәселесі қаралып жатыр
Қытай қазақтары қойдың иммунитетін қалай көтереді?