USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Қазақтелеком" интернет тарифтерін 20%-ға көтерген: тергеу жүріп жатыр

Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"Қазақтелеком" монополиялық баға қойған болуы мүмкін.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 

Ведомство сымды интернет қызметтерінің бағасына талдау жасап, оператордың әрекетінен монополиялық жоғары баға қою белгілерін анықтаған.

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылы 100, 200 және 500 Мбит/сек жылдамдықтағы интернет тарифтері шамамен 20%-ға қымбаттаған. Осыған байланысты компанияға қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзу дерегі бойынша тергеу басталды.

Сонымен бірге ұялы байланыс нарығында да бағаны негізсіз көтеру белгілері тіркелген. Қазір агенттік ұялы байланыс операторына қатысты да тергеу жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз