Тікелей эфир

Қазақстанның жас журналистер мектебіне 20 шағын грант бөлінеді

Мектепте кемінде 300 қазақстандық оқиды.

Елде 300 жас қазақстандық қатыса алатын журналистер мектебі ашылмақ, деп хабарлайды азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік жоба жас журналистердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, коммуникация құруға арналған жаңа алаңдарды қалыптастыруға, жас журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

"Жобаның маңызды міндеттерінің бірі – жас журналистердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Медиа  мамандарына онлайн форматта жұмыс істеу ыңғайлы болғандықтан, біз электронды платформана дайындайтын боламыз. Мұнда жоба қатысушылары үшін оқыту курстары мен жаңалықтар порталы қолжетімді болады", – дейді "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ директорының орынбасары Камила Амуртаева.


Оқи отырыңыз: Азаматтық бастамаларға 650-ге тарта шағын грант бөлінеді 


Жоба аясында конкурстық негізде жас журналистерге 20 шағын грант бөлінеді. Жалпы, кәсіби білім алу және үздік практикалармен алмасу бағытындағы оқытудан кемінде 300 жас қазақстандық өтеді.

Сондай-ақ, Нұр-Cұлтан, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жастарға арналған пікірталас алаңдары жұмыс істейді.

"Форумдар үш күндік оқыту форматында өтеді. Біз журналист болуды армандайтын жас азаматтарды журналистика факультеттерінің студенттерін, жас мамандарды жинаймыз. Форум қатысушылары теориялық қана емес, практикалық тұрғыда білім алуы үшін медиа саласының сарапшылары мен кәсіпқойлары жобаға тренерлер ретінде шақырылады", – деді Камила Амуртаева.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Білім сапасы төмен өңірлерге баратын үздік ұстаздарға әлеуметтік пакет беріледі


 Жоба туралы толық ақпарат Қазақстан жастар конгресінің instagram парақшасында қолжетімді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары