Шағын гранттар сомасы 300 мыңнан басталып, 1 млн теңгеге дейін барады.
Биыл министрлік үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттық жобалар шеңберінде азаматтық бастамаларды іске асыруға 644 шағын грант бөліп отыр. Олардың 50-і ауылдық жерлердегі бастамаларды дамытуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.
"Шағын грант – бұл мемлекет тарапынан әлеуметтік жобаны дамыту немесе іске қосу мақсатына ұсынылатын жақсы мүмкіндік. Мысалы, ауылдық бастамаларды дамыту жобасы аясында ауыл тұрғындары, азаматтық белсенділер топ болып бірігіп, қандай да бір әлеуметтік мәселені шешуге атсалыса алады. Бұл балалар алаңын салу, балалардың бос уақытын ұйымдастыру немесе қысқа мерзімді тілдік курстарды ашуға қатысты жобалар болуы мүмкін. Шағын гранттарды республиканың кез келген өңірінде тұратын азаматтар иелене алады. Біз қоғам үшін пайдалы бастамалардың кең ауқымына жан-жақты қолдау көрсетеміз", – деді азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман.
Шағын гранттар волонтерлерді қарттар үйіндегі қарияларға көмек көрсету шараларына тарту, ауылдағы бастамаларды дамыту, халықтың әртүрлі тобын цифрлық және қаржылық сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету, жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру сияқты 20 түрлі бағытты қамтиды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
343
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
311
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
290
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
306
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
276
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
267
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
242
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
276
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
282
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
257
-
0
-
0
-