Қазақстанның Үндістандағы елшісі Президент әкімшілігіне оралады

Азамат Есқараев
Азамат Есқараев
Азамат Есқараев Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Азамат Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Азамат Есқараев 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастады, кейін бұл министрлікте түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры болды.

2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, 2006-2007 жылдары "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді. 2014-2023 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметін атқарды.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023-2025 жылдары Қазақстанның Әділет министрі болған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау