Тікелей эфир

Тоқаев әділет министрін ауыстырды. Есқараевтың орнын Ерлан Сәрсембаев басты

Ерлан Сәрсембаев
Ерлан Сәрсембаев
Азамат Есқараев 2023 жылғы қаңтардан бері әділет министрі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысы әділет министрі Азамат Есқараевты қызметінен босатып, оның орнына Ерлан Сәрсембаевты тағайындады. 

Президент жарлықтары Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

"Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген президент жарлығында. 

Мәжілістің баспасөз қызметі заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің отырысында әділет министрі қызметіне Ерлан Сәрсембаевтың кандидатурасы мақұлданғанын хабарлаған болатын. 

Ерлан Сәрсембаев 2023 жылғы қаңтардан бері Конституциялық сот судьясы қызметін атқарды. 

Еске салайық, 6 қаңтарда мемлекет басшысы Түркістан облысын басқарған Дархан Сатыбалдыны Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Ал Түркістан облысы басшылығына Нұралхан Көшеров тағайындалды. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысының экс әкімі енді – Тоқаев әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары


 

Серіктестер жаңалықтары