Қазақстанның сот орындаушылары ТЖ кезінде барлық істі тоқтатты

Бекетаев барлық сот орындаушысының бұл жаңалықтан хабардар екенін айтып сендірді.

Отандық сот орындаушылар төтенше жағдай кезінде барлық санаттағы істі тоқтатады. Бұл туралы әділет министрі міндетін атқарушы Марат Бекетаев Instagram парақшасында мәлімдеді.

Мұнымен қатар, Бекетаев барлық сот орындаушысының бұл жаңалықтан хабардар екеніне сендірді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның барлық өңірінде қайтадан үздіксіз туу туралы куәлік беріле бастайтынын айтты.

Дәл қазір елде тәулік бойы құқықтық ақпараттандыру қызметі жұмыс істеп тұр. Қазақстандықтар құқықпен байланысты сауалдарына жауапты +7 (7172) 58-00-58 және 119 нөмірлері бойынша ала алады.

Еске салсақ, Еуразия банкінің тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған әскерилердің отбасылық несиесін кешіретіні туралы хабарлаған едік. Банк қаңтардың 5-19-ы аралығында клиенттерге несиесі бойынша айыппұл мен өсімпұл салмайды.

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз