Қазақстанның бес өңірі ғаламдық Kids Athletics жобасына қосылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жоба шаралары Алматы мен Қарағандыда өтсе, енді Маңғыстау облысында бастау алды.

World Athletics ұйымының балаларға арналған ғаламдық Kids Athletics жобасы Қазақстанның бес өңірінде өтеді, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Алматы мен Қарағанды қаласында жүзеге асқан жоба енді Маңғыстау облысында бастау алды. 

Kids Athletics – балалар мен мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетика негіздерін дамытуға  арналған жоба. Ол әлемнің жүзден астам елінде жүзеге асырылады. 

"Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы еліміздің батыс өңірлеріндегі бұқаралық спортты дамытып, жеңіл атлетика негіздерін жолға қою мақсатында Kids Athletics жобасын Маңғыстау облысында кеңінен танытуды қолға алды. Осы орайда, федерация мамандарынан,  Kids Athletics  сертификатталған лекторларынан жасақталған команда Маңғыстау облысына арнайы сапармен барып, мектеп оқушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында жеңіл атлетика негіздеріне арналған курс өткізді", – делінген федерацияның хабарламасында. 

Фото: Жеңіл атлетика федерациясы

Курсқа облыстағы 33 мектептен келген 120 мұғалім қатысып, екі күн бойы жеңіл атлетика негіздеріне арналған дәрістер мен практикалық сабақтарды тыңдады. Сондай-ақ, оқушылар арасында жеңіл атлетикадан шағын жарыстар өткізілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз