USD: 490.5 / 493.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 2 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Елдің бір бөлігінде найзағай, енді бірінде 35 градустан асатын ыстық болады.

2 маусымда Қазақстан аумағында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +35...+37 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік, орталық және батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

"Қазгидромет" мәліметінше, бүгін еліміздің көптеген өңірінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы қалыптасады. Солтүстік, орталық және батыс аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік өңірлерде жазғы аптап ыстық сақталады.

Елордада құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +27...+29 градус шамасында болады.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, жел күшейеді. Синоптиктер мегаполисте ауа температурасы +31...+33 градусқа дейін көтерілетінін болжайды.

Ең жоғары температура Түркістан облысында тіркелмек. Мұнда күндіз ауа +35...+37 градусқа дейін ысиды. Шымкентте де аптап ыстық сақталып, сынап бағаны +34...+36 градусқа жетеді.

Ал батыс өңірлерде ауа райы салқындау болады. Оралда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Күндізгі температура +16...+18 градустан аспайды. Ақтөбе мен Атырауда да жаңбырлы ауа райы болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан өңірлерінде найзағайлы жаңбыр жауады. Петропавлда күндіз бұршақ түсуі мүмкін, ал Павлодарда жел күшейіп, жаңбыр мен найзағай болады.

Шығыс Қазақстанда ауа райы біршама тұрақты. Өскеменде жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы +31...+33 градус болады. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.

Синоптиктер тұрғындарға найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, ал оңтүстік өңірлерде күннің ыстық уақытында ұзақ уақыт далада жүрмеуге кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз