USD: 490.5 / 493.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанның мал шаруашылығын дамытуға арналған үш сценарий ұсынылды

Фото: Dala.Camp
Фото: Dala.Camp
Республикадағы ірі қара мал саны бүгінде 9 9,2 миллион басқа жеткен.

Астанада өткен "Ғылым мен индустрия диалогы" атты дөңгелек үстелде Dala.Camp ұлттық мал шаруашылығы экспедициясының қорытындысы бойынша әзірленген салалық аналитикалық есеп таныстырылды. Құжатта Қазақстанның ет бағытындағы мал шаруашылығының экспорттық әлеуеті, негізгі мәселелері және саланы дамытудың ықтимал жолдары сараланды.

Іс-шараны NU Impact Foundation қоры мен "Тұран" Қазақстан мал өсірушілер қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның жуырда алған жаңа ветеринариялық мәртебесі мал шаруашылығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Қазақстан Орталық Азияда көш бастады

2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымынан (WOAH) "вакцинация жүргізілетін аумақта аусылдан таза ел" мәртебесін алды. Осылайша республика Орталық Азияда мұндай мәртебеге ие болған алғашқы әрі әзірге жалғыз мемлекет атанды.

"Тұран" қауымдастығының басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, бұл Қазақстанға Қытай, Парсы шығанағы елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты ірі нарықтарға шығуға жол ашады. Алайда ол экспорттық әлеуетті толық пайдалану үшін өндірістік тізбекті халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажет екенін атап өтті.

Мал басы өсіп жатыр, бірақ өнімділік төмен

Есеп деректеріне сәйкес, Қазақстандағы ірі қара мал саны бүгінде 9‑9,2 миллион басқа жеткен. Жалпы ет өндірісі 1,2 миллион тоннаны құрайды. Ал 2025 жылдың алғашқы 11 айында ет экспорты 25 пайызға өсіп, 91,3 мың тоннаға жеткен. Әсіресе қой еті экспорты 92,8 пайызға, сиыр еті экспорты 59,1 пайызға артқан.

Соған қарамастан сарапшылар саланың негізгі мәселесі өнімділіктің төмен деңгейде қалып отырғанын айтады. Қазақстандағы ірі қара малдың шамамен 90 пайызы әлі де индустриялық өндіріс жүйесіне кірмейді. Малдың тек 10,4 пайызы ғана ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған.

Сондай-ақ, халықаралық салыстыру нәтижелері Қазақстанның өнімділік жағынан жетекші елдерден айтарлықтай артта қалып отырғанын көрсетті. Мысалы, АҚШ-та бір ірі қарадан алынатын ұша салмағы 380-420 келі болса, Канада мен Францияда шамамен 370 келіні құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш көп жағдайда 250 келіден аспайды.

"Әлемдік көшбасшылардан қалып қою мал санының аздығымен емес, өнімділіктің төмендігімен байланысты. Бұл айырмашылықты генетиканы жақсарту, жем-шөп базасын күшейту және заманауи технологияларды енгізу арқылы ғана қысқартуға болады", – деді Жәнібек Кенжебаев.

Экспорттық табысқа жетудің үш шарты

Есеп авторлары Қазақстанның экспорттық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін үш негізгі бағытты атады:

  • өнімнің толық қадағалану жүйесін енгізу;
  • қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту;
  • шағын және орта шаруашылықтарды кооперативтер мен қауымдастықтарға біріктіру.

Сондай-ақ алдағы екі жылға арналған басым міндеттердің қатарында аусылдан таза мәртебені сақтау, бордақылауға дейінгі өсіру шаруашылықтарын дамыту, генетикалық және эмбриондық зертханалар құру, экспорттық нарықтарды кеңейту және цифрлық бақылау жүйелерін енгізу бар.

2031 жылға дейінгі үш даму сценариі

Сарапшылар Қазақстанның мал шаруашылығы үшін 2031 жылға дейінгі кезеңге арналған үш ықтимал сценарийді ұсынды.

  • Инерциялық сценарий. Бұл жағдайда Қазақстан негізінен шикізат жеткізуші ел ретінде қала береді.
  • Мақсатты сценарий. Ол бойынша республика жүйелі түрде ет экспорттайтын бәсекеге қабілетті мемлекетке айналады.
  • Тәуекел сценариі. Мұнда экспорттық мүмкіндіктерді жоғалту және халықаралық нарықтардағы позициялардың әлсіреуі қаупі қарастырылады.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның қай жолды таңдайтыны алдағы жылдары қабылданатын шешімдерге, технологиялық жаңғыртуға және экспорттық инфрақұрылымды дамытуға байланысты болмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз