Тікелей эфир

Қазақстанның барлық өңірінде бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтеді

Tanda.enbek.kz порталында бос жұмыс орындары бойынша онлайн-жәрмеңкелер өтеді.

Жұмыс берушілер онлайн-жәрмеңкелер арқылы өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта таба алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейнежазба түрінде сұхбаттаса алады.


"Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет. Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz порталында бірқатар онлайн-жәрмеңке өткізіліп, оған 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам жұмыс іздеуші қатысты.


Оқи отырыңыз: Мемлекет қандай жұмыс орындарына субсидия бөледі және оның мөлшері қандай?


 

Серіктестер жаңалықтары