Тікелей эфир

Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

4 маусымда Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтау, Алматы, түнде Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет".

  • Астана: 4 маусымға қараған түні метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
  • Алматы: 4 маусымда күндіз, 5 маусымда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.
  • Ақтау, Атырау: 4 маусымда, 5 маусымда түнде ауада ластаушы заттардың шоғырлануына метеорологиялық жағдайлар ықпал етеді, қалада ауаның төмен ластану деңгейі күтіледі.
  • Өскемен, Риддер: 4 маусымда метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етіп, атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейі күтіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа тым қатты ластанған?


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды, яғни ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары