Қазақстанның 8585 азаматы Таяу Шығыс елдерінен оралды

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
Қазақстан Таяу Шығыстан азаматтарды эвакуациялауды жалғастырып жатыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

"Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8 585 Қазақстан азаматы елге қайтарылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз