USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

12 рейс, 3 300-ден астам азамат: Қазақстан Таяу Шығыстан эвакуацияны жалғастырып жатыр

Фото: myseldon.com
Фото: myseldon.com
Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 12 әуе рейсі арқылы 3 300-ден астам қазақстандық елге оралды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды жерүсті жолдары арқылы да шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, Ирандағы дипломаттар 6 наурыз күні "Заркух" компаниясында жұмыс істейтін жеті Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған "Заркух" компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырған. Олар автобуспен иран-армян шекарасынан өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.

Қазір өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болатынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз