USD: 486.5 / 489.3
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанның 11 өңірінде әлемдік деңгейдегі 24 қонақ үй салынады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Елде Hilton, Marriott және Rixos желілерінің жаңа қонақүйлері ашылады.

Алдағы бірнеше жыл ішінде Қазақстанның 11 өңірінде халықаралық стандарттарға сай 24 қонақүй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жаңа қонақүйлер жеке инвесторлардың қаражаты есебінен бой көтереді. Жобаларды іске асыруға мемлекет жеңілдетілген несие беру және инвестициялық преференциялар арқылы қолдау көрсетпек.

"Жоспарланған нысандар қатарында халықаралық қонақүй брендтерінің жобалары бар. Атап айтқанда, Қонаев қаласында Hilton және Marriott желілерінің қонақ үйлері, Павлодар қаласында Novotel, Қостанай қаласында Courtyard by Marriott, Қызылорда қаласында Rixos қонақүйі салынады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Алматы қаласында Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu секілді халықаралық деңгейдегі қонақүй нысандары ашылады.

Үкіметтің мәліметінше, бұл жобалар туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және шетелдік туристер санын көбейтуге бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз