USD: 479.5 / 482.1
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Қытайда Си Цзиньпин қазақ дәрігерді ең жоғары партиялық наградамен марапаттады

Фото: Синьхуа агенттігі
Фото: Синьхуа агенттігі
Оқас Сүлеймен 40 жылдан астам уақыт бойы дәрігер болып еңбек еткен.

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуына арналған салтанатты жиында ҚКП Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин қазақ дәрігер Оқас Сүлейменді партияның ең жоғары партиялық наградасы – "1 шілде" орденімен марапаттады. 

Мұндай награда алғаш рет Қытайдағы қазақ ұлтының өкіліне беріліп отыр. Оқас Сүлеймен Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі Шәуешек пен Дөрбілжін аймақтарында 40 жылдан астам уақыт бойы дәрігер болып қызмет атқарған. 

Салтанатты жиында Си Цзиньпин соңғы 105 жылдағы үздіксіз күрес қытай халқының тағдырын түбегейлі өзгертіп, қытай ұлтының ұлы жаңғыруына бастайтын дұрыс жолды ашқанын атап өтті.

Оның айтуынша, бұл үдеріс марксизмнің өміршеңдігін айқын көрсетіп қана қоймай, әлем тарихының даму барысына да елеулі ықпал етті. Осы күрестің нәтижесінде Қытай Коммунистік партиясы қуатты коммунистік саяси күшке айналған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау