Қазақстаннан Грузия мен Қытайға жаңа рейстер ашылады

Фото: trt.net.tr
Фото: trt.net.tr
Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.

Қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Мәселен, биылғы 27 мамырдан бастап Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосу жоспарланып отыр. Рейстер аптасына үш рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады.

Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.

"Биылғы 28 мамырдан бастап Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстер іске қосылады. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сиань қаласына тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды", – делінген хабарламада.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз