Қазақстанға жұмыртқа әкелуге тыйым күшіне енді: транзитке шектеу жоқ

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазақстан бір айға жұмыртқа импортына тыйым салды.

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында тауық жұмыртқасын сырттан әкелуге уақытша тыйым енгізді. Тиісті бұйрық 11 желтоқсанда күшіне енді.

Ведомствоның хабарлауынша, бір ай мерзімге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен және үшінші мемлекеттерден барлық көлік түрімен тасымалданатын тағамдық тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН 040721) Қазақстан аумағына әкелуге шектеу қойылды.

Министрлік бұл тыйым транзиттік тасымалдарға, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің арасында жүретін жүктерге қолданылмайтынын атап өтті.

АШМ мәліметінше, уақытша шектеу ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға және отандық құс фабрикаларының өнімін қолдауға бағытталған.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз