Тікелей эфир

Енді Алматы тұрғындары тауық еті мен жұмыртқаны арзан бағада сатып ала алады

Бүгінде қалада 20-дан астам "Алатау-құс" фирмалық дүкені бар.

Енді Алматы тұрғындары тауық еті мен жұмыртқаны арзан бағада сатып ала алады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірінші санаттағы жұмыртқа мен тауық еті бағасын тұрақтандыру үшін "Алатау құс" және Сары-Бұлақ" құс фабрикаларымен келісімшарт жасады.

Осылайша, әлеуметтік маңызы бар бұл тауарлардың шекті бағасы бекітілді. Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жұмыртқа мен тауық етінің бағасын тұрақтандыру мақсатында "Алатау құс" және "Сары-Бұлақ" құс фермаларымен қарыз шартын жасады.

Қайтарымына Сары-Бұлақ фермасы қаладағы дүкендерге жұмыртқаны, ал Алатау құс тауық етін өткізеді. Нәтижесінде әкімдік бірінші санаттағы жұмыртқа бағасын 36 ай, ет құнын 24 ай бойы бақылауға алады.

"Алматы әлеуметтік корпорациясы Алматы облысындағы тауар өндірушілерге бірінші санаттағы жұмыртқа мен тауық етінің бағасын тұрақтандыру үшін жеңілдетілген несие берді. Осылайша біз бір айда 2,4 миллион жұмыртқаның бағасын бақылаймыз. Бұл фермаларға да және халыққа да тиімді", – деді Алматы қаласы әкк басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Әзизжан Тұрғанов.

Бүгінде қалада 20-дан астам "Алатау-құс" фирмалық дүкені бар.Ондағы тауық еті мен жұмыртқа белгіленген бағада саудаланып жатыр. Мысалы, еттің бір келісі - 1100 теңге болса, жұмыртқаның данасы - 58 теңге.

"Күнде таңғы асқа жұмыртқа қуырып жейміз. Мына жұмыртқаның 1 штугы 58 теңге деген өте қолайлы баға. Яғни, өте арзан. Халыққа өте тиімді", – деді Алматы тұрғыны Жайық Мұхтарұлы.

Жеңілдетілген несие өндірушілерге де тиімді. Сол арқылы өнім көлемін ұлғайтып, тұтынушыларды көбейтеміз дейді.

Арзан бағадағы дүкендер жайлы толық ақпарат Аlmatyazyk.kz сайтында көрсетілген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары