Қазақстанға Volkswagen қайта оралды. Көліктер қанша тұрады

Қазақстанға Volkswagen қайта оралды. Көліктер қанша тұрады
Көлік сарапшылары неміс бренді үшін Қытай көліктерімен бәсекеге түсу қиынға соғатынын айтып отыр.

Қазақстан нарығында ұзақ жылдардан бері ресми сатылымда болмаған немістің Volkswagen бренді елге қайта оралғанын мәлімдеді. Бұл жолы бренд нарыққа Қытайда құрастырылған жеті көлік маркасын ұсынып отыр. Олардың арасында қазақстандықтар үшін таныс Passat пен Jetta-дан бөлек, өзге Volkswagen Bora, Tayron, Talagon және Jetta VA7, VS7, VS8 сынды жаңа седан мен кроссоверлер бар. 

Брендтің ресми дистрибьюторы жаңа көліктерді таныстыру рәсімінде седан бағасы шамамен 13 миллион теңгеден, ал кроссоверлер 17 миллион теңгеден басталатынын мәлімдеді. Алайда, сарапшылар бұл бағаны өте жоғары санап, Қытай көліктері көптеп еніп жатқан Қазақстан нарығында бәсекеге төтеп бере алмайтыны туралы пікір айтып отыр. 

Дегенмен, бренд дистрибьюторы бұл пікірге өз жауабын берді. Volkswagen Brand China бас директоры Роберт Цисектің айтуынша, бренд сатылатын көлік санынан гөрі оның сапасына көбірек мән беріп отыр. Жаңа көліктер неміс стандарттары мен Қытайдың заманауи инновациясы үйлесім тауып құрастырылады. 

"Автомобильдеріміз қай елде өндірілсе де, Volkswagen үшін ең бастысы – қауіпсіздік, сапа мен сенімділік. Бұл талаптардан біз ешқашан айнымаймыз. Әрбір модель 8 мыңнан астам инженерлік стандартқа сәйкес келеді және 2,5 мыңнан астам қатаң сынақтан өтеді. Бұл сынақтар барысында автомобильдер төтенше климаттық және жол жағдайлары имитацияланған шекті режимдерде, сондай-ақ күнделікті пайдалану сценарийлерінде тексеріледі", – деді Роберт Цисек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау