Қазақстанда ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық бітімгершілік күштерінің 2 030 адамы мен 250 техникасы орналасты.
Қазақстан президенті сессия қатысушыларына елімізде қалыптасқан ахуал мен оны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, ол елге ҰҚШҰ-ның қанша әскері мен техникасы келгенін айтты.
"Шын мәнінде, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін ұйымның бітімгерлік күштерінің ауқымды түрде жұмылдырылу жағдайы бірінші рет болып отыр. Біз үшін ҰҚШҰ бойынша әріптестеріміздің әскери ғана емес, моральдық қолдау көрсетуі де аса маңызды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі біртұтас майдан болып, Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады. ҰҚШҰ беделді әскери-саяси ұйым ретінде өзінің қажетті әрі тиімді екенін көрсетті. Бұл мемлекеттеріміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты механизм", – деді мемлекет басшысы.
Президент ұжымдық бітімгершілік күштері қандай міндеттер атқаратынын да атап өтті.
"Бүгінгі таңда ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасында ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық бітімгершілік күштерінің 2 030 адамы мен 250 техникасы орналасып, жүктелген міндеттерді орындауға кірісіп кетті. Олар әуежайлар, әскери қоймалар және өзге де стратегиялық нысандарды қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін жүзегі асырады", – деді мемлекет басшысы ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.
Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасындағы жағдай жөнінде пікір алмасып, еліміздің басшылығы жасап жатқан іс-әрекеттерді қолдайтынын айтты. Сондай-ақ тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті қалпына келтірудің маңызды екеніне назар аударды. ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась бірлесе қабылдаған шешімдердің жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясы аяқталғанша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-