Қазақстанға ҰҚШҰ әскери қызметшілері келді. Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Таулы-шөлейт жерде практикалық жаттығулар өтеді.

Жетісу облысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің әскери қызметшілері келді. Қорғаныс министрлігі олардың өңірде бірлескен оқу-жаттығуға қатысып жатқанын мәлімдеді. 

Жетісу облысындағы "Көктал" оқу-жаттығу полигонында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілерінің қатысуымен бірлескен оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу 13-18 қыркүйек аралығында Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, полковник Мақсұт Гусейновтің басшылығымен өтуде. Оған 1500-ге жуық әскери қызметші және 300-ден астам қару-жарақ, әскери әрі арнайы техника, оның ішінде 115 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай оқу-жаттығу жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты – Ұжымдық жедел өрістету күштерінің өзара іс-қимыл деңгейін арттырып, бірлескен міндеттерді орындауға дайындығын жетілдіру.

Практикалық іс-қимылдар таулы және шөлейт жерлердің ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау