Тікелей эфир

Қазақстандықтардың жеке шоттарында 6 триллион теңге бар

Тұрғындар төлемді көбіне интернет және мобильді банкинг арқылы жасайды.

Ұлттық банктің мәліметінше, ел азаматтарының бұдан басқа да есепшоттарында тағы 18,2 триллион теңге жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Өткен жылдың 11 айында елдегі қолма-қол ақшасыз төлем айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 26,5 пайызға өскен. Сондай-ақ, банк картасынан қолма-қол ақшаны шешіп алу үлесі 17,6 пайыздан 14,1 пайызға дейін төмендеген.


Оқи отырыңыз: Банк картасының CVV кодын бөгде адамдарға неге айтуға болмайды?


Тұрғындар төлемді көбіне интернет және мобильді банкинг арқылы жасайды. Мәселен, күн сайын отандастарымыз цифрлық банкинг арқылы 331 миллиард теңгеден астам сомаға 23,5 миллионнан астам транзакцияны жүзеге асырады.

Серіктестер жаңалықтары