Тікелей эфир

Қазақстандықтардың жеке құпия деректері ғаламторда еркін тарап жатыр

Ел азаматтарының құпия жеке деректері әлеуметтік желі арқылы тарап жатыр.

Telegram мессенджеріндегі бот кез келген адамның телефон нөмірі, мекен жайы мен жұмыс орнын іздеген жанға оңай тауып бере алады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

О баста бірнеше азаматқа қатысты ақпаратты тегін тауып беретін бот артынша нәтижелерді іздеуді тоқтатып, ақылы түрде жазылуды ұсынады. Жазылу үшін Ресей рублінде төлем жасаудың қажет екенін көрсетеді. Ал еліміздің цифрлық даму министрлігі азаматтардың жеке деректері түрлі әлеуметтік желідегі ақпараттар арқылы қолжетімді болатынын айтады. Яғни, бұл жеке мәліметтер Telegram, Facebook, WhatsApp пен өзге де онлайн платформалардан жинақталған мәліметтер деп түсіндірді.


Оқи отырыңыз: Балаларды кибербуллинг құрбаны болудан қалай құтқарамыз?


"Қазіргі уақытта министрлік дербес деректердің тарағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Бұл ретте telegram-боттар тұрғылықты (тіркелген) мекенжайлары туралы ескі мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар кейбір мекенжайлар жалпыға қолжетімді көздерде немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізу қызметтерінде көрсетілген болуы мүмкін", – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Серіктестер жаңалықтары