Тікелей эфир

Қазақстандықтардың жеке мәліметтері Қытай хакерлерінің қолына түскен

Осыған байланысты тексеру жұмыстары басталды.

Қазақстанда кейбір азаматтардың жеке мәліметтері қытайлық кибертыңшылардың қолына түскен болуы мүмкін. Әлеуметтік желіде Қытай билігі жүргізіп жатқан ауқымды кибероперация туралы құжаттар таралып жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Цифрлық даму министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазір осыған байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді.

Арнайы жасалған бағдарлама арқылы хакерлар жеке адамдардың электронды пошталарын, телефон нөмірлері мен желідегі парақшаларын иемденеді. Ал бұл адамдардың жеке хаттарын оқуға мүмкіндік береді. Тіпті, азаматтардың парақшасы арқылы жазба да қалдыруы мүмкін. Одан бөлек, Android және іOS құрылғыларындағы мәліметтерге иелік ете алады деген ақпарат бар.


Оқи отырыңыз: Смартфоныңызға хакер бұзып кіргенінің бес белгісі қандай?


Тараған құжаттарда қазақстандық азаматтардың телефон нөмірлері тұрғаны белгілі болды. Жауапты ведомство өкілдері адамдарға жеке аккаунттарына өте күрделі құпия сөз жазудың маңызды екенін ескертеді. Ал бейтаныс хабарламаларды ашпауға және кез келген сайтқа өздері туралы жеке мәліметті қалдырмауға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары