Тікелей эфир

Қазақстандықтардың 7,5 пайызы ғана ел ішіндегі саяхатқа 500 мың теңге жұмсауға дайын – зерттеу

Сауалнамаға қатысушылардың 14,7 пайызы адам басына 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін жұмсауға дайын.

FFG компаниясы жүргізген сауалнамаға қатысқандардың 73,7 пайызы 300 мың теңгеге дейінгі соманы Қазақстан аумағында саяхаттауға жеткілікті сома деп есептейді. Оның 40,1 пайызы 100 мың теңгеге дейінгі соманы бір адамға сапар шегуге жеткілікті деп есептейді. 

Сауалнамаға қатысушылардың 14,7 пайызы адам басына 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін, 7,5 пайызы 500 мыңнан астам теңге жұмсауға дайын. 

Сауалнама нәтижесінде респонденттер баруды ұсынатын топ-5 орын белгілі болды. 

"Ең көп ұсынылатын жер Щучинск-Бурабай курорттық аймағы болды – 27%. Топ-5-ті Қарағанды облысы Балқаш көлінің жағалауы тұйықтайды – 9,9%. Қарағанды облысы Балқаш көлін жастар арасында топ-5-тен "Тарбағатай" ұлттық паркі, ал 25-34 жас аралығындағы топ арасында Oi-Karagai тау курорты-қонақ үйі ығыстырды", – делінген зерттеуде. 

55 жастан асқан респонденттер өз кезегінде Қарағанды облысы Балқаш көлінің жағалауына және Абай облысы Алакөл көлінің жағалауына қарағанда Түркістан қаласы мен "Арыстан-баб" кесенесін, сондай-ақ Каспий теңізін жиірек ұсынады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 56,8 пайызы отбасымен бірге саяхаттағанды жақсы көреді – зерттеу


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары