Қазақстандықтардың 35,7 пайызы салауатты өмір салтын ұстанады – зерттеу нәтижесі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғарылаған.

Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы "Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі" атты ұлттық зерттеу нәтижелерін жариялады.

Мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың 35,7 пайызыы салауатты өмір салты қағидаттарын ұстанады, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға жоғарылаған.

Министрлік бұл өсімді азаматтардың денсаулық саласында профилактикаға, физикалық белсенділікке және теңдестірілген тамақтануға көбірек мән бере бастағанының белгісі деп түсіндіреді.

"2025 жылы ел бойынша Денсаулық сақтау мекемелерінде (МСАК) 4 719 "Денсаулық мектебі" ұйымдастырылып, оған 1,66 миллионнан астам адам қатысқан. Сонымен бірге стационарларда 380 мектеп жұмыс істеп, оған 253 352 адам тартылған. Темекіге қарсы күрес аясында елімізде 72 орталық пен кабинет өз қызметін жүзеге асырып, олардың ұсыныстарын 35 мыңға жуық адам пайдаланған", – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай шаралар халық арасында денсаулыққа қамқорлық жасаудың орнықты мәдениетін қалыптастырып, профилактикалық бағытты күшейтіп, созылмалы инфекциялық емес аурулардың таралуын төмендетуге жағдай жасайтынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз