Биыл ел бойынша 1400 шақырым шойын жолды жөндеу жоспарланған.
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ақпаратқа сүйенсек, темір жолдарды жөндеу жұмыстарына байланысты пойыздардың қозғалыс кестесіне түзетулер енгізілген. Биыл ел бойынша 1400 шақырым шойын жолды жөндеу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Астанадан шығатын бірқатар бағыттағы пойыз билеттеріне жеңілдік беріледі
Наурыз айында жол жүретін жолаушылар пойызға билеттерді тек ақпан айының басынан бастап қана ала алады. Айта кетейік, қалыпты жағдайда билеттер 45 тәулік бұрын сатылымға шығады.