Қазақстандықтар енді шетелде алимент қарызын өндіре алады. Сенат конвенцияға түзетулер енгізді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстан сот актілерін ТМД елдерінде орындауды қамтамасыз етеді.

Сенат азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізілетін хаттаманы ратификациялады. Бұл туралы сенат депутаты Евгений Больгерт хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанда алиментті өндіріп алу бойынша сот бұйрығы шығарылады, алайда ТМД елдерінде мұндай құжат қолданылмайды. Сол себепті басқа мемлекеттерде сот бұйрықтары орындалмай қалатын жағдайлар кездескен.

"Бүгінгі заңға сәйкес, конвенция бойынша танылатын және орындалатын сот актілерінің қатарына алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтары енгізілетін болады. Бұл өзгеріс ТМД елдерінде де сот бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз етеді", – деді Больгерт сенатта өткен брифингте.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз