Алматы прокуратурасы Yandex Qazaqstan компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы қалалық прокуратураның ресми сайтында хабарланды.
Келісімнің негізгі мақсаты – алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтарды анықтау.
Прокуратура мәліметінше, бүгінде ресми түрде жұмыссыз болып көрінгенімен, іс жүзінде цифрлық платформаларда, соның ішінде Яндекс Такси арқылы табыс тауып, алимент төлемейтіндер бар.
"Өткен жылы Яндекс.Такси арқылы табысын жасырған 110 адам анықталған. Олардың 57-сіне әкімшілік шара қолданылып, 10 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Меморандум жүйелі әрі заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің қалыптасу фактілерін анықтау мен алдын алуды көздейді", – делінген хабарламада.
USD:
490.9 / 493.9
EUR:
584.5 / 588.5
RUB:
6.33 / 6.45