Қазақстандықтар баласын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсайды?

Ең көп сұраныстағы үштікке мектеп формасы, рюкзактар және дәптерлер кірді.

Бір баланы мектепке жинау құны 35 000 теңгені құрайды, деп мәлімдеді OLX сарапшылары.

"Биыл мектеп формасын міндетті түрде кию туралы талап қайтарылды. Пайдаланушылардың сұраныстарына сәйкес, ыңғайлы білім алу үшін қазақстандық оқушыға пенал, сөмке және мектеп формасынан тұратын базалық жиынтық қажет. Оның орташа  құны 14 500 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға қымбат. Егер оған екі ауысымды жейде, екі аяқ киім, спорттық киім және аяқ киім, сондай-ақ кеңсе жиынтығын қоссаңыз, бір балаға мектепке жинау құны 35 000 теңгені құрайды", – деп жазылған хабарламада.

Сарапшылардың мәліметінше, базалық жиынтықтың бағасы:

  • Алматы тұрғындарына – орташа есеппен 18 950 теңге;
  • Павлодар тұрғындарына – 17 750 теңге;
  • Ақтөбе мен Шымкентке – 17 500 теңге;
  • Петропавл тұрғындарына – орташа есеппен 8 200 теңге:
  • Қызылордалықтарға – 8 500 теңгені құрайды.

Хабарламаға сүйенсек, Ақтау, Алматы және Түркістандағы ең қымбат мектеп формасы орташа есеппен 7 000 теңге тұрады. Ал ең арзаны – Қызылорда мен Петропавлда. Мұнда 3 000 теңге және 3 200 теңгеге форма табуға болады.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов баласын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты


Мектеп маусымы қарсаңында ноутбуктерге деген сұраныс та белсенді өсуде. Бұл орташа есеппен бюджетке тағы 75 000 теңге қосады. Елдегі ноутбуктің орташа құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда, Қазақстанда оқушыларға арналған тауарларға сұраныс 40 пайызға, ал ұсыныс тиісінше 35 пайызға өсті. Ең көп сұраныстағы үштікке мектеп формасы, рюкзактар және дәптерлер кірді.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары