Мемлекет басшысы 15 шілдеде қол қойған Салық кодексіндегі жаңа өзгертулердің бірі қымбат көлікті декларациялауға қатысты. Оның тәртібін Kolesa.kz түсіндіріп жазды.
Жаңа тәртіпке сәйкес, қазақстандықтар ел ішінде не шетелде құны 20 мың айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы 78,64 миллион теңгеден қымбат) жоғары көлік сатып алса, ол туралы декларацияда көрсетуге тиіс.
Айта кетейік, бұл тәртіп ретроспективті күшке ие, яғни, шілдеде қабылданғанына қарамастан, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
"Табыс және мүлік туралы декларация тұрғылықты мекенжай бойынша есептік күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылуы қажет. Сәйкесінше, 2025 жыл үшін декларация 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өткізілуі қажет", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда қазір жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63
