Қазақстанның автокөлік одағы биылғы маусымда Қазақстанда жаңа көліктерді сату көрсеткіші 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,2%-ға өскенін хабарлады. Жалпыбиылғы алты айда 104 869 техника сатылған. Бұл 2024 жылдың алғашқы жартысындағы нәтижеден 26,2% көп.
"Биыл жаңа автомобильдердің сатылым көрсеткіші 4 ай қатарынан 19 мың деңгейінде тұр. Бұл – жаңа көліктердің қолжетімді болуына байланысты. Бұрын жаңа көлік алу туралы ойламаған көптеген қазақстандықтар енді ресми автосалондарға барып, өздеріне техника таңдап жүр. Біздің болжамымызша, бұл тенденция алдағы айларда да жалғасады", – деді Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева.
Қазақстанның автокөлік одағының мәліметінше, маусымда 4116 Hyundai көлігі сатылса, екінші орында Chevrolet (2228) және үшінші орында Kia (2203) көліктері тұр. Алғашқы ондықтағы қалған жеті орынның алтауын Қытай брендтері (Jetour, Chery, Changan, Haval, Jac, Geely) иеленген. Toyota 9-орында.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға Нидерландтан мотор майлары мен сұйықтықтары жеткізіле бастады
Қазақстан нарығына жаңа брендтер мен танымал көлік маркаларының жаңартылған нұсқаларының келу тенденциясы да жалғасып жатыр. Соның бірі – жаңартылған Volkswagen Touareg автокөлігінің Қазақстандағы сатылымы басталды.
Оның жаңартылған 2 литрлік турбомоторы 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 6,8 секундта жетуге мүмкіндік береді. Көлік 8 сатылы автоматты беріліс қорабы және интеллектуалды 4MOTION толық жетекті жүйесімен үйлесіп, қала көшелерінен бастап биік таулы жолдарға дейін кез келген жағдайда сенімді, алғыр әрі айқын жүрісті қамтамасыз етеді.
"Жаңартылған Touareg – бұл Volkswagen инженерлік тәсілінің квинтэссенциясы. Оның дизайны онжылдық эволюцияның, тестілеудің және бүкіл әлем бойынша миллиондаған жүргізушілердің кері байланысының нәтижесі болып табылады. Бұл – техникадан хабары бар, жайлылықты бағалайтын және әр бөлшекте сенімділікті талап ететіндер таңдайтын көлік", – деді Volkswagen Kazakhstan компаниясының директоры Роман Кузьмин.
Сондай-ақ, Touareg салонының жүйесі бұрынғыдан да ақылды және ыңғайлы етілген. Салон Digital Cockpit толық цифрлық құралдар панелі мен Discover Pro Max үлкен 15 дюймдік мультимедиа экранымен жабдықталған.
Тағы бір айта кетерлігі, автомобильдердің бәрі тікелей Германиядан жеткізіледі. Жаңартылған Volkswagen Touareg Қазақстандағы Volkswagen Алматы, Астана, Қостанай, Орал, Атырау және Шымкент қалаларындағы ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63