Қазақстандық София Исакова Ролан Гаррос турниріне іріктеу жарысында топ жарды

София Исакова финалда ирандық Ясаман Язданиды 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Алматыдағы Gorky Tennis Park теннис орталығында жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турниріне Орталық және Батыс Азия бойынша іріктеу сайысы аяқталды. 

Қыздар арасында Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы София Исакова жеңімпаз атанды. 

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

София Исакова финалда ирандық Ясаман Язданиды 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. София осы дода барысында қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ.

Бозбалалар арасында тағы бір қазақстандық Арсений Требухин шешуші бәсекеде өзбекстандық Ахмаджон Тошмұхамедовке жол берді – 6:7 (2:7), 2:6. 

Осылайша, Исакова, Яздани, Требухин және Тошмұхамедов биылғы 16-20 қазанда Жапонияда өтетін іріктеу турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды. 

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!


Оқи отырыңыз: Ролан Гаррос-2025: Қос қазақстандық жасөспірім теннисші Жапонияда өтетін іріктеуге жолдама алды


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз