Ролан Гаррос-2025: Қос қазақстандық жасөспірім теннисші Жапонияда өтетін іріктеуге жолдама алды

Финалға шыққан төрт теннисші Жапонияға барады.

Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park теннис орталығында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан 2025 жылғы Ролан Гаррос турниріне іріктеу сайысының финалына шыққан теннисшілер анықталды.

Қазақстандықтар София Исакова мен Арсений Требухин финалға өтіп, соның нәтижесінде Жапонияда өтетін соңғы іріктеу жарысына жолдама алды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жартылай финалда Борис Шустердің қос шәкірті – Исакова мен Сәтима Төреген кездесті. София 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетіп, ертең соңғы бәсекеде ирандық Ясаман Язданимен шеберлік байқасады. Яздани тағы бір қазақстандық Альбина Кәкенованы жолдан тайдырды – 6:3, 6:3.

Бозбалалар арасында А.Требухин аса тартысты матчта иорданиялық Жабер Амирді тізе бүктірді – 6:4, 6:7 (2:7), 6:4. Арсений финалда өзбекстандық Ахмаджон Тошмұхамедовпен сынға түседі.

Осылайша, соңғы ойынның нәтижесіне қарамастан, финалға шыққан төрт теннисші Жапонияға барады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!


Оқи отырыңыз: Ролан Гарросқа іріктеу: қыздар арасында жартылай финалға шыққандар анықталды


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз