Тікелей эфир

Қазақстандық қай әуе компаниялары жиі кешігіп ұшады

Air Astana мен FlyArystan жыл басынан бері 12 111 рейсті уақытынан кешіктіріп ұшырған.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында қазақстандық әуе компанияларының уақытынан кешікпеу рейтингін жариялады. 

Бұл ретте "Южное небо" әуе компаниясы көш бастап тұр, дегенмен компания жасайтын әуе рейстерінің саны өте төмен. 

Рейтинг мәліметтері: 

  • Air Astana компаниялар тобы биыл 46 980 рейс жасаса, оның ішінде 12 111 рейс уақытынан кешігіп ұшқан. Компанияның уақытынан кешікпеу үлесі – 74%;
  • SCAT 14 030 рейс жасаса, оның ішінде 3877 рейс уақытынан кешігіп ұшқан. Компанияның уақытынан кешікпеу үлесі – 72%;
  • Qazaq Air 6813 рейс жасаса, оның ішінде 1728 рейс уақытынан кешігіп ұшқан. Компанияның уақытынан кешікпеу үлесі – 75%;
  • "Южное небо" әуе компаниясы 1960 рейс жасаса, оның ішінде 111 рейс уақытынан кешігіп ұшқан. Компанияның уақытынан кешікпеу үлесі – 94%.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жолаушыларды әуе рейсінің кешігуінен сақтандыру жоспарланып отыр


2024 жыл басынан бері қазақстандық әуе компанияларына қатысты 12 әкімшілік хаттама толтырылып, 44 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Олжас Бектенов оның ішінде биылғы тамызда әуе рейсін 14,5 сағатқа кешіктірген Air Astana компаниясына 3,7 млн теңге (1000 АЕК) айыппұл салынғанын атап өтті. 

Сондай-ақ, үкімет басшысы әуе компанияларының рейсті кешіктіргені үшін жауапкершілігін қатаңдатуды көздейтін өзгерістер жобасы қазір Мәжілістің қарауында екенін айтты. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары