Қазақстандық оқушы АҚШ-та өткен математика олимпиадасынан алтын медальмен оралды

Алишер Мұрат. Фото: Республикалық физика-математика мектебі
Алишер Мұрат. Фото: Республикалық физика-математика мектебі
Нью-Йорктегі олимпиадаға 30 елден 1000-нан астам оқушы қатысты.

Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің 4-сынып оқушысы Алишер Мұрат Copernicus Olympiad халықаралық математика олимпиадасында алтын медаль иеленді. 

Олимпиада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Колумбия университетінің базасында өтті. Олимпиадаға іріктеу кезеңінде әлем елдерінен 3 мыңнан астам оқушы бақ сынаса, үздік мың оқушы жаһандық турға қатысты. Олар күрделі математикалық есептерді шығармашылықпен шешу қабілеттері бойынша сайысты. 

Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысқан Алишер Мұрат өз санатында алтын медаль мен бірінші орынды жеңіп алды. 

"Оның жеңісі тек отбасы мен мектебі үшін ғана емес, бүкіл ел үшін үлкен жетістік болды. Бұл жеңіс қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстанның халықаралық білім беру аренасындағы беделін арттырды", – делінген ресми хабарламада. 

Алишер Мұратты марапаттау рәсімі

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз