IQanat олимпиадасы: Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбау үшін дербес грант бөлді

Фото: IQanat білім беру қоры
Фото: IQanat білім беру қоры
Түркістан облысының ауылындағы егіз қыздар екеуі де Бурабайдағы IQanat мектебінде білім алады.

Қазақстандық кәсіпкер, IQanat жобасының қамқоршысы Тимирлан Гумбатов IQanat олимпиадасында грантқа қолы жетпей қалған егіз қыздардың біріне дербес грант сыйлау арқылы олардың жұбы жазылмауына көмектесті, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. 

Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар Айым және Гүлім Орынбасар IQanat олимпиадасының финалына дейін бірге жетеді. Алайда, Гүлім грантқа ие болып, Айым жеңімпаздар тізіміне ілінбей қалады. Ал грант Бурабайдағы IQanat мектебінде жатып оқуға мүмкіндік беретінін ескерсек, екіге бөліну қаупі туындаған. 

Жанары жасқа толған Гүлімнің өз сертификатына бауырына ұсынып тұрған сәтін кәсіпкер Тимирлан Гумбатов жұбайы Ирада Гумбатова байқап қалады. Жағдайды естіген кәсіпкер дереу шешім қабылдап, Айымға құны 21 миллион теңге болатын 3 жылдық дербес грант сыйлады. 

Енді ауыл оқушылары Айым мен Гүлім IQanat High School of Burabay мектебінде бірге оқиды. 

Айта кетейік, IQanat – бір топ қазақстандық кәсіпкерлердің ауыл оқушыларын қолдауға арналған әлеуметтік жобасы. Мектеп түлектерінің 94 пайызы әлемнің 17 еліндегі жетекші жоғары оқу орындарында грант негізінде білім алып жатыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары