Прямой эфир Новости спорта

Қазақстандық медицина жобасы StartX клубының құрамына кірді

Цифрлық даму министрінің айтуынша, бұл – қазақстандық ІТ-индустрия үшін үлкен оқиға.

Қазақстандық стартап-кәсіпкер тарихта алғаш рет Стэнфорд университетіне қарасты беделді StartX клубының құрамына кірді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

"Бұл – қазақстандық ІТ-индустрия үшін үлкен оқиға. Cerebra жобасының StartX-ке қабылдануы Қазақстанның озық DeepTech технологияларды шығара бастағанын дүниежүзіне әйгілейді. Аталған оқиға – қазіргі таңда CatGPT сынды жасанды интеллект түрлері дамып жатқанда, біздің қол қусырып отырмағанымыздың айқын бір көрінісі", – деп жазды министр.

Cerebra – Қазақстанда инсультті сапалы диагностикалау және осы патологиядан мүгедектік пен өлім- жітім деңгейін төмендету үшін құрылған жасанды интеллект. Ол жақында Global Startup Awards стартап-экожүйелерінің ауқымды тәуелсіз байқауының жеңімпаздарының бірі болды.


Оқи отырыңыз: Отандық медициналық жоба әлемдегі үздік 10 стартап қатарына енді


Айта кетейік, StartX – 1800-ден астам кәсіпкерлерден, салалық сарапшылардан, Стэнфорд профессорларынан тұратын қауымдастық. Ол өсу сатысында тұрған және жақсы қаржыландырылған 700-ден астам стартапты қамтиды. StartX қауымдастығына мүше компаниялардың жалпы құны 26 миллиард доллар шамасында.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары