Прямой эфир Новости спорта

Отандық медициналық жоба әлемдегі үздік 10 стартап қатарына енді

Бұл жоба – ишемиялық және геморрагиялық инсульттің автоматты диагностикасына арналған жасанды интеллектке негізделген.

Naryk.kz хабарлауынша, Cerebra отандық стартабы денсаулық сақтау технологиясы бойынша әлемдік көшбасшы – капиталдандырылуы шамамен 144 миллиард АҚШ долларына жеткен Medtronic компаниясының деректері бойынша медициналық жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең инновациялық жобалардың ондығына енді. Компанияның 150 елдегі өкілдіктерінде 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Cerebra – ишемиялық және геморрагиялық инсульттің автоматтандырылған диагностикасына арналған нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект. Жоба Қазақстанның 17 инсульт орталығында сәтті жұмыс істейді. Компания бұл бағдарламаны елдегі барлық инсульт орталықтарына орнатуды жоспарлап отыр.

"Әлемде инсульт диагностикасымен айналысатын бірнеше ғана ірі компаниялар бар. Израиль, Ұлыбритания және АҚШ бәсекелестерінің қаржы, персонал саны, ЖИ оқытуға медициналық деректер көлемі бойынша айқын артықшылықтарына қарамастан, біздің командамыздың адамзатқа пайдасын тигізуге мотивациясы мол. Дамыған елдерде инсульттан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайтылды, ал біздің елімізде инсульт өлімнің бірінші себептерінің бірі болып қала береді. Жобаны шетелге масштабтау үшін біз Қазақстанда жақсы нәтиже көрсетуіміз керек, бұл үшін біз мемлекеттік қолдауға мұқтажбыз", – дейді жобаның негізін қалаушысы Досжан Жүсіпов.


Оқи отырыңыз: 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары