USD: 472.3 / 475.3
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматыдан Түркияның Измир қаласына тікелей рейс ашылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
SunExpress Алматыдан Измирге тікелей ұша бастайды.

31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 ұшақтарымен жүзеге асырылады.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Түркия арасындағы көлік қатынасын кеңейтіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға ықпал етеді.

Министрлік алдағы уақытта да ұшу географиясын кеңейту және халықаралық бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау