
Ұлттық банк Қазақстанда цифрлық активті шығару мәселесін пысықтап жатыр. Оның негізін Ұлттық банктің Цифрлық теңгесі (стейблкоин: Крипто-ЦТ) қамтамасыз етеді.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
"Қазіргі уақытта Ұлттық банк цифрлық активті шығару мәселесін пысықтауда, оның негізін Ұлттық банктің Цифрлық теңгесі (стейблкоин: Крипто-ЦТ) қамтамасыз етеді. Ұлттық банктің Цифрлық теңге криптоаналогы бұл жағдайда цифрлық активтермен мәмілелер бойынша есеп айырысу құралы және нарықтың тұрақсыздығы кезеңінде цифрлық активтермен мәмілелер арасындағы құнды сақтау құралы рөлін атқарады", – деді Тимур Сүлейменов.
Оның сөзінше, бастаманы іске асырудың нақты моделі нарыққа қатысушылармен бірге Ұлттық банктің реттеу ортасы негізінде жобаны іске қосудың әртүрлі нұсқаларын тестілеуден кейін айқындалады.
Еске салайық, Ұлттық банк қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен тығыз байланыс орнатып, "Цифрлық теңгенің" пилоттық жобасын 2021 жылы жүзеге асырды.
Оқи отырыңыз: Цифрлық теңге арқылы бюджет қаржысын қадағалай аламыз – Тимур Сүлейменов