USD: 466.5 / 469.1
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстандық ғалым қисайған омыртқаны түзетудің тың тәсілін ойлап тапты

Мамандардың зерттеуінше, әрбір 100 адамның екеуі бүкірейіп жүреді.

Аты әлемге әйгілі отандық ғалым қисайған омыртқаны түзетудің тың тәсілін ойлап тапты. Бұл туралы "Ғылымстан" бағдарламасында айтылды. 

Сколиоз – омыртқаның қисайып, бүкірленуі. Дәрігерлер бүкір адам ұзақ өмір сүрмейді, өйткені, омыртқа қисайғаннан жүрек, бауыр, өкпе қысылып, адамның өміріне зақым тигізетінін айтуда. Ең қорқыныштысы, елімізде сколиозбен ауыратындардың саны күн санап, көбейіп барады.

Осыған байланысты жас ғалым, травматолог-ортопед Нұрбек Нәдіров омыртқаны түзеудің жаңа тәсілі туралы  "Ғылымстан" бағдарламасында баяндап берді.

Әрбір 100 адамның екеуі бүкірейіп жүреді, дейді мамандар. 

"Омыртқаны түзету үшін оны екі шегемен шегелеп, дәлірек осы шегені жұлынның екі жағын қосатын "омыртқа доғасының түбірінен" өткіземіз. Сыртындағы "жұлын түбірлерінің" қай жағынан бірінші шегелеу қажеттігін анықтап, хирургиялық тәсіл ойлап таптық. Патент алдық", – деді Нұрбек Нәдіров. 


Оқи отырыңыз: Шетелдегі қазақ ғалымдар грант аясында Қазақстанға көшіп келе алады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау