USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстандық аспаздар 40 қазанда сірне пісіріп, Гиннесс кітабына лайық рекорд жасады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Үздік аспаздар бір уақытта от жағып, көшпенділердің байырғы ас мәзірін республикалық және халықаралық деңгейде паш етті.

Жетісу облысының Көксу ауданы, Талапты ауылындағы демалыс аймағында "Сірне Fest 2026" гастрономиялық әрі этно-фестивалі Қазақстанда рекорд орнатты. Өңірдің туристік әлеуетін арттырған бұл шара әрі дәм жәрмеңкесі, әрі қазақы қонақжайлылық пен ұлттық рухты айшықтаған айтулы оқиғаға айналды.

Фестивальдің ең басты жаңалығы – 40 бірдей алып қазанда дайындалған сірненің Қазақстанның рекордтар кітабына енуі. Үздік аспаздар бір уақытта от жағып, көшпенділердің байырғы ас мәзірін республикалық және халықаралық деңгейде паш етті. Бұл отандық гастрономия тарихындағы елеулі белес ретінде тіркелді.

"Жетісу" дегенде әрқайсымыздың ойымызға ең алдымен осы өңірдің дәстүрлі бренді – сірне тағамы түсері хақ. Әр өңірдің өзіндік ас дайындау ерекшелігі мен сыры болады. Мысалы, Көкшетау өңірі өзінің етімен әрі баурайындағы Бурабайымен танымал болса, Жетісу жерінің басты ерекшелігі – дәмді де баппен пісетін сірнесі. Тіпті кейбір өңірлерде оны "сырбаз" деп те атап жатады, ал біз бала жастан бұл асты "сірне" деп танып, құлағымызға сіңіріп өстік. Жыл сайын асыға күтетін бұл мейрам – өскелең ұрпақ үшін үлкен тағылымды сабақ, өнегелі фестивалдердің бірі. Мұндай іс-шаралар аймағымыздың туризмін дамытып, алыс-жақыннан, тіпті шетелден келетін меймандар мен туристердің қатарын арттыратынына сенімдімін", – деді Бақтыбай ауылдық округінің тұрғыны Бақытгүл Сұламбаева.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында өткен "Қымызмұрындық – 2026" фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді


Фестиваль барысында ұлттық астың байырғы дайындалу тәсілдері мен оның денсаулыққа пайдасы да айтылды. Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі Сержан Андасбаев сірненің жасалу сыры мен оның туристік маңызына тоқталды.

"Бүгінгі таңда диетолог мамандар да ең таза, пайдалы ет ретінде даланың шөбін жеп өскен қой мен жылқы етін жоғары бағалайды. Жастардың түрлі жасанды қоспалары бар зиянды тағамдарды тұтынғанынан гөрі, табиғи, экологиялық таза ұлттық асымызды жегені денсаулыққа әлдеқайда пайдалы. Болашақта бұл тағамды демалыс орындары мен мейрамханалардың мәзіріне жиі қосып, құрт, айран, қымыз бен шұбат сияқты ұлттық сусындарымызбен бірге шетелдік меймандарға ұсынсақ, бұл еліміздің туристік әлеуетін арттыра түседі. Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, оны келешек ұрпаққа жеткізу – әрбір қазақ азаматының перзенттік парзы", – деді Сержан Андасбаев.

Дәм сайысынан бөлек, фестиваль алаңында көшпелі тұрмысты бейнелейтін этноауыл бой көтеріп, қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мәдени бағдарламаның басты оқиғасы – республикалық айтыс болды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау