110 метр сырмақ: Алматы әжелері Гиннесс рекордтар кітабына енбек

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сырмақ Наурыз мейрамында көпшілік назарына ұсынылады.

Алматыдағы "Қазақ аналары" әжелер қауымдастығы ұзындығы 110 метр болатын сырмақ әзірлеп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің Telegram арнасы жазды. 

Әжелер сырмақты 21 наурызға дейін аяқтап, Ұлыстың ұлы күні көпшіліктің назарына ұсынбақ. Олар өз бұйымы "Ең ұзын сырмақ ретінде" Гиннесс рекордтар кітабына енеді деген ниетте. 

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

"Бұйым дәстүрлі басу және тігу тәсілдері арқылы қолмен жасалып, классикалық қазақы ою-өрнекпен көмкеріледі. Әрбір өрнек пен әр бөлшекте ұрпақ сабақтастығы, ұлттық қолөнерге деген құрмет және мәдени мұраны сақтау ниеті көрініс табады. Бұл бастама көлемімен ғана емес, мазмұндық мәнімен де айрықша. Жоба ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеуге, аға буынның қоғамдағы рөлін нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған", – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз